25
October
2019
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы " атты бірыңғай сынып сағаты
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте 1-11 сыныптар арасында 2019жылы 25 қазанда "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы " атты бірыңғай сынып сағаттар өткізілді. Сынып сағатының мақсаты отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуын отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы. Сынып сағатының міндеттері отбасы құндылықтарын қалыптастыру, үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білу, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтың тәрбиесін дамыту.