31
January
2022
«Тіл мен тарих- ғасырлар куәсі»тақырыбындағы қоғамдық- гуманитарлық пәндер онкүндігінің ашылу салтанаты
Бүгін №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2021-2022 оқу жылында 31 қаңтар мен 09 ақпан аралығында өтетін «Тіл мен тарих- ғасырлар куәсі»тақырыбындағы қоғамдық- гуманитарлық пәндер онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шара барысында мектеп директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы сөз алып, оқушыларды белсенділік танытуға шақырды және бірлестік жұмысына сәттілік тіледі.
Мақсаты: өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырады, ана тілінің,туған елінің қадір- қасиетін ұғына біледі, құрметтейді.
Күтілетін нәтиже: өз Отанын құрмет тұтады, туған тілін, дінін, дәстүрін жандандыруға үлес қосады, сөздік қоры молаяды, тіл байлығы дамиды, ойларын жүйелі айта алады, топ алдынд
а еркін сөйлейді,сыни ойлай алады, топты бағалайды, сабақты бағалайды, талдайды, жинақтайды.

