26
October
2022
«Педагог» кәсіби стандартының ерекшеліктерін талдау
2022 жылдың 21 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Педагог» кәсіби стандартының ерекшеліктерін талдау мақсатында ұжыммен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Педагог» кәсіби стандартының ерекшеліктері туралы баяндама жасалып, өзара талқыланды. Педагогтың негізгі және қосымша кәсіби қызметінің мазмұны талданды.