30
November
2021
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры: Сегизбаева Зауре Илиятовна
Қазақстанның Тұңғыш The presidentі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады. Тұңғыш The presidentіміздің "Елдіктің жеті тұғыры" жобасы болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасының бір-бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. Әлбетте, бұл тұғырды тиянақтау мен іске асыру жаңа буынға аманат. Аманатқа қиянат жасамау, мемлекеттің тұрақтылығын сақтап қалу отбасы сияқты қарапайым құндылықтарды дәріптеуден басталады. Әрбір отбасы мемлекеттің бастауы. Мемлекеттілігімізді қадірлеп, көздің қарашығындай қорғау-әркімге де міндет. Бұл көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буынға арналған үндеу. Себебі қоғамда әділеттілікті, шынайылықты қалап өркениет әлемімен қатар жүруді талап етіп отырған осы жаңа буын. Сондықтан да табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Онсыз қоғам көш соңында қалуы мүмкін. Жастардың санасына осыны сіңіру қажет.
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры: Сегизбаева Зауре Илиятовна