22
January
2020
"Біз салауатты өмірді қолдаймыз" атты спорттық сайыс
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 22 қаңтар күні салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану -адам жанының да, тәнінің де тазаруы,денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында педагог-ұйымдастырушы Мырзахметова Эльмира Райханбекқызы және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әшірбеков Алмас Еркінбекұлының ұйымдастыруымен 6-10 сыныптар арасында "Біз салауатты өмірді қолдаймыз" атты спорттық сайысы өткізілді.Сайыс нәтижесінде І орынды 10-сынып ,ІІ орынды 7- сынып, ІІІ орынды 9- сынып оқушылары иеленді.