05
March
2020
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапары
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында Қызыларық ауылдық округіне келіп №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде болды. Облыс əкімін Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы м.а Сыпатаева Гүлсім Ақылбекқызы мен мектеп директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы күтіп алып, ауданның білім саласында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы жəне мектебіміздің бүгінгі таңға дейінгі жеткен жетістіктері мен болашаққа жоспарлары жайлы келелі баяндама жасады. Одан кейін Бердібек Мəшбекұлы мектебіміздің асханасын аралап көріп, бүлдіршіндеріміздің ыстық тамақпен қамтылу жай-күйімен танысты. Сонымен қатар облыс əкімі мектептің спорт залына барып спортқа құштар мектеп оқушыларымен жүздесті. Шара соңында Бердібек Мəшбекұлы ауыл тұрғындарымен жүздесіп, ауыл халқының ауызбіршілікті тіршілігіне оң бағасын берді.