10
November
2022
Дүниежүзілік жастар күні
№17 Ы. Алтынсарин орта мектебінде "Өзін - өзі басқару ұйымы" мүшелерімен 10 қараша - "Дүниежүзілік жастар" күніне орай мектеп жастарын құттықтау іс- шарасын өткізді.
Құрметті жалынды жастар! Баршаңызды бүгінгі 10 қараша – Дүниежүзілік Жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз. Еліміздің өркендеуіне болашақта өз үлестеріңізді аянбай қосады деген сенімдеміз.