16
September
2019
"Діни сауаттылықты арттыру -қоғам талабы" атты іс-шара
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 16 қыркүйек күні Тараз қаласы Бегалы мешітінің найб имамы Рзахан Мағжан және Жуалы ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Оспанов Шерханның қатысуымен "Діни сауаттылықты арттыру -қоғам талабы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсіндіріп, оның түрлері, себептері мен адам баласына тигізетін зардаптарын айтып ұғындырды. Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын айта отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни эктремистік бағытта арандатуға жол бермеу керектігін айта келіп, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін айтып түсіндірді.