01
October
2019
"Қарттарға қамқорлық-көңілдің ізгілігі" атты қариялармен кездесу кеші
2019 жылдың 1қазан Қарттар мерекесі күніне орай Қызыларық ауылдық округі әкімшілігі мен №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен "Қарттарға қамқорлық-көңілдің ізгілігі" атты қариялармен кездесу кеші өтті. Салтанатты жиынды Қызыларық ауылдық округі әкімі Қасымбеков Марат Сайлауұлы мен мектеп директоры Сегізбаева Зауре Илиятқызы ашты. Жиын кезінде Қазақстан Республикасының ерен еңбегі үшін марапат алған Зауырбеков Сайлау ата және Қызыларық ауылдық округінің аналар алқасының төрайымы Нағима Семханова ауыл әкімдігіне және мектеп ұжымына алғысын айтып ақ батасын берді. Қариялар мерекесіне орай Қызыларық ауылдық округінің барлық қариялары мен ақ жаулықты аналары шақыртылып, ауылдық округі әкімдігімен мектеп тарапынан ақ дастархан жайылды. Кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, мектеп жанынан құралған вокальдық тобы өз өнерлерін ортаға салды.