ОЖСБ » Средняя школа им.Алтынсарина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(726) 35-5-13-87
bookkeeping:
+7(726) 35-5-13-87
Version for
visually impaired
10
March
2020

ОЖСБ

Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) 

2020 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасын мониторингтеу түрлерінің бірі болып табылады.
ОБ ОЖСБ жүргізудің мақсаты:
-білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
-білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.
ОБ ОЖСБ:
-бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
-негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
-жалпы орта мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
ОБ ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде өтеді. ОБ ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын айқындайды.
Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді (тест тапсырмаларының үлгісімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады www.testcenter.kz/schools/voud-so-spec )
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Ministry of Education and Scienceнің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.
Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.
Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.
Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.
4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
·    уәкілетті орган айқындайтын 2 пән;
·     әр пән бойынша пәндік білімі мен соған байланысты дағдыларын  тексеруге арналған 15 тест тапсырмасы;
·    тест тапсырмасының формасы: бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары;
·    тестілеу уақыты 75 минут;
·    максималды балл – 30.
9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
         Қазақ тілі (міндетті) – бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 15 тест тапсырмасы:
·  «Тыңдалым» бойынша мәтінге құрылған 5 тест тапсырмасы;
·  оқу сауаттылығын бағалау үшін 5 тест тапсырмасы;
·  тілдік білім деңгейін анықтау үшін 5 тест тапсырмасы.
 
Уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер:
Әр пән бойынша жалпы тест тапсырмаларының саны – 15. Олардың ішінде:
·   контекске негізделген бір жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы;
·   бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 5 тест тапсырмасы.
·  тестілеу уақыты 150 минут;
·  тест тапсырмаларының саны – 60;
·  максималды  балл – 75.
11-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Уәкілетті орган айқындайтын  жалпы білім беретін 3 пән:
·   1-пән – бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;
·  2, 3-пәндер – әрқайсысы 30 тест тапсырмасынан тұрады: Оның ішінде бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы.
·  тестілеу уақыты 140 минут;
·  тест тапсырмаларының саны – 80;
·  максималды балл – 100.

Нормативтік сілтемелер:

                               Орта білім беруде оқу жетістіктерін сырттай бағалау ережелері


2019 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұран әрі – ОБ ОЖСБ) 17 – 25 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді. Барлығы 785 мектеп, 122 252 оқушы қатысты.
4-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен өткізілді. 
Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: математика және оқу тілі (қазақ/орыс тілі).
Қатысқандар саны: 62 691 оқушы, оның ішінде 
  • қазақ тілінде – 40 574;
  • орыс тілінде – 22 117.
Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 30 балдан): 19,78 балл, оның ішінде 
  • қазақ тілінде – 19,56, 
  • орыс тілінде – 20,17.
9- сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді. 
Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – жалпы білім беретін пәндердің бірі.
Қатысқандар саны: 46 032 оқушы, оның ішінде 
  • қазақ тілінде – 29 658, 
  • орыс тілінде – 14 827, 
  • тәжік тілінде – 131, 
  • өзбек тілінде – 1321, 
  • ұйғыр тілінде – 95.
Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 75 балдан): 40,08 балл, оның ішінде 
  • қазақ тілінде – 39,16, 
  • орыс тілінде – 42,15, 
  • тәжік тілінде  – 24,22, 
  • өзбек тілінде – 37,40, 
  • ұйғыр тілінде – 62,63.
11-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді. 
Тестілеу 3 пән бойынша өткізілді: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, физика (қазақ/орыс тілінде оқытатын мектептер), алгебра және анализ бастамалары (ұлттық мектептер).
Қатысқан оқушы саны: 13 529 оқушы, оның ішінде 
  • қазақ тілінде –  8 882, 
  • орыс тілінде – 3 765, 
  • тәжік тілінде – 124, 
  • өзбек тілінде – 738, 
  • ұйғыр тілінде - 20.
Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 100 балдан): 57,30 балл, оның ішінде 
  • қазақ тілінде – 58,10, 
  • орыс тілінде – 56,34, 
  • тәжік тілінде – 41,94, 
  • өзбек тілінде – 54,48, 
  • ұйғыр тілінде – 81,35.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив