27
апрель
2022
" Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата аналардың міндеттері" тақырыбында ата - аналар жиналысы
Жуалы ауданы білім бөлімі мен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен бірлескен жоспарға сәйкес, отбасындағы жанжал мен мән жағдайлардың бала психикасына әсері мен әлеуметтік желілерде балалардың кибербуллингі мен қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 27 сәуір күні " Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата аналардың міндеттері" тақырыбында ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Қызыларық ауылдық округінің әкімі Сүгірбеков Ермұхан Жандарбекұлы, аудандық дін істері бөлімінің маманы Абделиев Рамазан, ювеналды полиция инспекторы Болатбекұлы Нұржан қонақ ретінде шақырылды.