11
март
2020
"Мұғалімдердің оқу үдерісін басқару құзіреттілігін арттыру, табысты білімге қол жеткізу" онкүндігі аясында серіктес мектептер арасында аудандық семинар
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 10 наурыз күні "Мұғалімдердің оқу үдерісін басқару құзіреттілігін арттыру, табысты білімге қол жеткізу" онкүндігі аясында серіктес мектептер арасында аудандық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты мұғалімдердің оқу үдерісін басқаруда оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Алғы сөзді Жуалы ауданы білім бөлімінің әдіскері Т. Саурбаев сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Семинар барысында №11 Т. Тастандиев орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі "Модерация", №19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының көшбасшы ұстазы Г. Тажкенова "Сабақты зерттеу қадамдары" тақырыбында коучинг, сондай-ақ мектеп директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы "Мектепті дамыту бағыттары" тақырыбында ұстаздармен дөңгелек үстел өткізді. Семинар соңында тәжірибесімен бөліскен ұстаздар білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.