20
декабрь
2021
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шарасы
Мектебімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өскелең жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімдерін дамытып, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты іс-шарасы өткізілді. Шара барысында озат оқушылар ұйым антын қабылдап, мектеп директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы мен ауыл әкімі Сүгірбеков Ермұхамед Жандарбекұлы жалынды шәкірттерге Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнайы жылы тілектерін білдіріп, бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін ұйымға енулерімен шын жүректен құттықтады.