02
сентябрь
2019
Жалпы Республикалық біріңғай "Адалдық сағаты"
2 - қыркүйек күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде Қызыларық ауылдық округ әкімі Қасымбеков Марат Сайлауұлы және мектеп директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызының қатысуымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Жалпы Республикалық біріңғай "Адалдық сағаты" өткізілді. Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлауалды бағдарламасында: - "Біз жемқорлықтың түп - тамыры жойылғанша күресеміз. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз. Жемқорлықтың кез- келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды." Адалдық сағатының 4 негізгі құндылықтары: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім. 2019 жылдың 7 айында қылмыстар бойынша статистика Республика бойынша - 1738, Жамбыл облысы бойынша - 56 құрады. "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының негізгі мақсаты: жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.