25
сентябрь
2019
"Киелі өнердің кіндігі -Ауыл!" аудандық фестиваль
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің халық шығармашылығы және мәдениет демалыс орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 25 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық округінде "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы және "Ұлы даланың жеті қыры" аясында, жастар жылына орай ұйымдастырылған "Киелі өнердің кіндігі -Ауыл!" аудандық фестиваль өтті. Аталған іс-шараға №17 Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Атап айтсақ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Төлепберген Гүлдана "Туған ел" атты әнін тарту етті және мектеп ұстаздарынан құралған вокальдық топ "Атамекен" әнін жоғары деңгейде орындап шықты. Жуалы ауданының ашық турнирінен жүлделі орын алған бокс үйірмесінің жетекшісі Нұралы Бүйенбаев бастаған былғары қолғап шебері өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленді.