15
октябрь
2019
"Менің мектепке баратын жолым Т дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 15 қазан күні бастауыш сынып мұғалімі Миралиева Гүлзира Асанқызының 1-сынып оқушыларымен "Менің мектепке баратын жолым Т дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ Т әріпін тану, ажырату және оны басқа дыбыспен сәйкестендіру, сөздерді буындап оқу, әріп элементтерінің жазылу емлесін талапқа сай жазуды оқушыларға меңгерту мақсатында өтті.