14
март
2023
"ЖОМАРТ ТҮЛЕК" ФОРУМЫ
"ЖОМАРТ ТҮЛЕК" ФОРУМЫ🔰Жомарттықтың отбасынан, отбасындағы тәрбиеден бастау алатындығы бәрімізге белгілі. 2023 жылдың 14 наурызында "Жомарт түлек" жобасы аясында "Жомарттық жақсылыққа жетелейді" тақырыбында N17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде түлектер форумы өтті. Форумның басты мақсаты - халқымыздың түрлі саласында еңбек етіп жүрген түлектердің табысты еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі ете отырып, білім ошағына деген құрметтерін арттыру.
Білім ошағында өткен форумға Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жүзбаев Жалғас Сарабекұлы, Жамбыл облысының жеке кәсіпкері, Тараз қалалық "Айшатай бөбекжай балабақшасы" ЖШС-нің директоры Жапарова Асел Әбілханқызы, Тараз қалалық ауруханасының жедел жәрдем дәрігері Қали Мақсат Қамиұлы, ауылдың жеке кәсіпкері, ауыл белсендісі Сариев Алихан Кәдірбекұлы, Тараз қаласы N43 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамешова Айжан Қасқырбайқызы, Меркі ауданының мәдениет саласының үздігі, эстрада әншісі Қали Махмуд Қамиұлы қонақ болды.
Сондай ақ Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы басшысының анасы Сейсебаева Бүбізейнеп апамыз, ауылымыздың ақ жаулықты анасы Жүзбаева Әлімхан, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдіскері Жібек Қасымханқызы, "Қызыларық" ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Бегалиев Айдос қонақта болды.
Іс - шара барысында алғы сөзді мектеп директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы алып, жомарт түлектерге алғысын білдірді. Форумға келген жомарт түлектер ұстаздарына деген алғыстарын, тілектерін айтып, өз тараптарынан мектеп ауласын көгеріштендіруге арналған су жүйесін орнатуға 150 000 теңге көлемінде демеушілік жасады. Жеке кәсіпкер, мектеп түлегі Асел Әбілханқызы жаратылыстану - математикалық бағытта жоғары оқу орнына грантқа түскен мектеп оқушысына 500 000 теңге стипендия тағайындады. Эстрада әншісі Қали Махмуд Қамиұлы өз атынан мектепке музыкалық аппаратура сыйға тартты. Мектеп түлегі Нұрғазиев Жомарт Шымырбайұлы "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жобасы аясында мектеп оқушылары арасында ең кітап оқуға құмар, қызығушылығы жоғары 10 оқушыға "Түркістан" бағытында бір күндік саяхатқа жолдама тарту етті. Сонымен қатар мектеп түлектері Досанов Абзал Керімбайұлы 50 000 теңге, Зайырбекова Шолпан 30 000 теңге, Сувалиева Ұлжан Төребекқызы 20 000 теңге көлемінде ақшалай демеушілік көрсетті.
Іс - шара соңында жомарт түлектермен "Түлектер аллеясына" тал - дарақтар отырғызылып, шараға белсенді қатысқан түлектер мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.