15
декабрь
2021
"Кел,сырласайық" атты 7-сынып және 8-сынып қыз балаларымен тренин
Мектебіміздің психологы Абуова Дазира Дөненбайқызы мен медбике Жантайбекова Зина Рахманалиевнаның ұйымдастыруымен "Кел,сырласайық" атты 7-сынып және 8-сынып қыз балаларымен тренинг өтті.
Мақсаты: Қыз бала бойындағы ерекшеліктері мен физиологиялық жетілуді психологиялық қолдау. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын,пәктігін,сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің,қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын еске түсіру.
Қыздар медбикеге сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауап алды. Қыздар тәрбиесі бойынша сыр шертілді.
Қыздарға "қазақ қызы" деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болып, білімді де тәрбиелі, қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңіздер деп тілектерін арнады.