29
январь
2020
"Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары"
№17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 29 қаңтар күні МДТІЖО Мұбарақ Нұрбек Әбілханұлы, мектеп инспекторы Рахымбек Еркебұлан Заманбекұлы, Қызыларық ауылдық округінің жастар ісі нұсқаушысы Зиятхан Қуаныш Тұрсынбайұлының ұйымдастыруымен 7-11 сынып арасында "Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары" тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамасында қазіргі кезде Жуалы ауданы бойынша жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мәселесі елең алуда екенін жасөспірімдердің өзәра келіспеуі, кикілжіңі, топ құрып қақтығысуы орын алуда екендігін айтып жеткізді. Школьникам қылмыстың соңы неге апарып соғатыны жайлы және де мектепте ережеге сай жүрулері қажет екендігі айтып түсіндірілді. Кешкі сағат 23.00 -ден кейін кәмелеттік жасқа толмағандардың жалғыз заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін ҚР әкімшілік Құқық Кодексінің 442 бабы, 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалынатындығын және егер құқық бұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда заңды өкілдеріне әкімшілік айыппұл салынатындығы ескертілді.