21
февраль
2020
"Халықаралық ана тілі күні"
Мектебімізде 2020 жылдың 21 ақпан күні "Халықаралық ана тілі күні" мерекесіне орай 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нартаева Толғанай Амангелдіқызының ұйымдастыруымен "Ана тілім-ардағым" атты мектепшілік салтанатты жиын болып өтті. Жиынның мақсаты: оқушылар арасында Отанға, ана тілге деген құрметті, сүйіспеншілікті арттыру. "Тіл - көңілдің тілмашы" демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз-әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс-бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз-ол тіліміз.