Шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 19-30 қараша аралығында қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі өтті. Болашаққа бағдар рухани жаңғыру аясында "Мәңгілік ел-Мәртебелі Тіл-Рухани жаңғыру" тақырыбындағы онкүндіктің мақсаты-өз Отанын құрмет тұтатын, туған тілін, дінін, дәстүрін жандандыруға үлес қосатын тұлға қалыптастыру. Онкүндік барысында орыс тілі, тарих, ағылшын пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстар, тренингтер, әдеби кеш, мәнерлеп оқу байқауларын ұйымдастырды. Онкүндіктің аясында атсалысқан оқушылар Алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.