Әдістемелік жұмыстар - Средняя школа им.Алтынсарина http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - Средняя школа им.Алтынсарина DataLife Engine 2020 – 2021 оқу жылына арналған ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ ЖОСПАРЫ http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/187-2020-2021-ou-zhylyna-arnalan-zhmysty-ou-zhospary.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/187-2020-2021-ou-zhylyna-arnalan-zhmysty-ou-zhospary.html Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі

№17 Ы. Алтынсарин 

атындағы орта мектебі

2020 – 2021 оқу жылына арналған 

ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ ЖОСПАРЫ

]]>
admin Thu, 01 Oct 2020 16:17:44 +0600
"Бағалау критерийі" http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/117-baalau-kriterij.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/117-baalau-kriterij.html
]]>

]]>
admin Thu, 05 Dec 2019 15:00:50 +0600
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/19-2017-2018-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-zhalpy-orta-blm-beretn-yymdarynda-ou-procesn-yymdastyrudy-erekshelkter-turaly-dstemelk-nsau-hat.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/19-2017-2018-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-zhalpy-orta-blm-beretn-yymdarynda-ou-procesn-yymdastyrudy-erekshelkter-turaly-dstemelk-nsau-hat.html v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

Астана

2017

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.

Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2017

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.

Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:

-  командадағы жұмыс дағдылары;

-  көшбасшылық қасиет;

-  бастамашылық;

-  IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);

-  қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.

2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты  комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.

ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.

XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.

Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.

Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.

СондықтанXX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған  білім беруге бет алды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған.

Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары  пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ.

Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектеп білім алушыларының академиялық білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды.

Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді  енжар «алушы» болып қалып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту  мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2017-2018  ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.

Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.  2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8, 10-сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11-сыныптар.

Жаңа оқу жылында:

1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1,2 -сыныптарда білім беру процесі:

ü ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);

ü ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);

ü Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша);

ü ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);

ü ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

2) 3-4, 6, 8-11-сыныптарда білім беру процесі:

ü ҚР  Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü  «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

ü ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы  № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР  Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы       27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

3) 5,7-сыныптарда білім беру процесі:

ü ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті станедарты  (бұдан әрі –ҚР МЖМБС-2016);

ü Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ü «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы       27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.

Барлық жалпыға міндетті білім беру  стандарттары (бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған. Мектеп үшін барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының  қағазға шыарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және  оқу бағдарламаларының  электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру   мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.

Назар аударыңыз!2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша  білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды  мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу үшін жылына 5 сағат бөлініп отыр (мектептен тыс жерлерде). Қажетті ғимараттардың болмауы себепті мұндай сабақтарды ұйымдастыра алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі Оқытудың жаңа тәсілдері http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/18-oytudy-zhaa-tslder.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/18-oytudy-zhaa-tslder.html

Жаңа педагогикалық технология

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді.  Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады.

Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Жаңа технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

admin Sat, 13 Jan 2018 11:46:12 +0600
Сегизбаева Зауре Илиятовнаның шығармашылық есебі http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/21-segizbaeva-zaure-iliyatovnany-shyarmashyly-eseb.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/21-segizbaeva-zaure-iliyatovnany-shyarmashyly-eseb.html

]]>
Сегизбаева Зауре Илиятовнаның шығармашылық есебі

admin Wed, 27 Dec 2017 00:00:00 +0600
Кенжебаев Серік Тұрарұлының шығармашылық есебі http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/22-kenzhebaev-serk-trarlyny-shyarmashyly-eseb.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/22-kenzhebaev-serk-trarlyny-shyarmashyly-eseb.html Кенжебаев Серік Тұрарұлының шығармашылық есебі

Кенжебаев Серік Тұрарұлының шығармашылық есебі

admin Tue, 26 Dec 2017 00:00:00 +0600
Мектебімізде ақпан айының 20-25 аралығында "Тарих, география, құқық негіздері" пәндерінің апталығы болып өтті. 25 ақпанда "Оқыту және тәжірибе" тақырыбында фестиваль өтті. http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1-mektebmzde-apan-ayyny-20-25-aralyynda-tarih-geografiya-y-negzder-pndern-aptalyy-bolyp-tt-25-apanda-oytu-zhne-tzhribe-tayrybynda-festival-tt.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1-mektebmzde-apan-ayyny-20-25-aralyynda-tarih-geografiya-y-negzder-pndern-aptalyy-bolyp-tt-25-apanda-oytu-zhne-tzhribe-tayrybynda-festival-tt.html Мектебімізде ақпан айының 20-25 аралығында "Тарих, география, құқық негіздері" пәндерінің апталығы болып өтті. 25 ақпанда "Оқыту және тәжірибе" тақырыбында фестиваль өтті.

Мектебімізде ақпан айының 20-25 аралығында "Тарих, география, құқық негіздері" пәндерінің апталығы болып өтті. 25 ақпанда "Оқыту және тәжірибе" тақырыбында фестиваль өтті.

Мектебімізде ақпан айының 20-25 аралығында "Тарих, география, құқық негіздері" пәндерінің апталығы болып өтті. 25 ақпанда "Оқыту және тәжірибе" тақырыбында фестиваль өтті.

]]>

]]>
admin Tue, 28 Feb 2017 00:00:00 +0600
2016-2017 оқу жылына Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі мүшелері http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/29-2016-2017-ou-zhylyna-gumanitarly-pnder-dstemelk-brlestg-msheler.html http://altynsarin-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/29-2016-2017-ou-zhylyna-gumanitarly-pnder-dstemelk-brlestg-msheler.html 2016-2017 оқу жылына Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі мүшелері

]]>
admin Sat, 03 Sep 2016 00:00:00 +0600