07
апрель
2022
"ЖУАЛЫ АРУЫ - 2022"🌹 БАЙҚАУЫ


"ЖУАЛЫ АРУЫ - 2022" «Жуалы аруы - 2022» аудандық байқауы өткізілді. 18 ару бақ сынасқан байқауға мектебімізден 10 - сынып оқушысы Боранбаева Еркеназ Ержанқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Арулар байқауын аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, үміткер аруларға сәттілік тіледі.
Байқау соңында қатысқан барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар, жүлделі орын иегерлеріне дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Еркеназды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!