Родителям кеңес
Родителям кеңес
(отбасылық оқу сауаттылығы жүйесі бойынша)
Ата-аналар,
«Балалар кітап оқымайды» деп кінә тағудан гөрі, баламен бірлесе кітап
оқу арқылы оның ғажайып әлемінің сырына үңілуіне жәрдем беріңіздер.
«Қалауын тапса қар жанар» деген халық мәтелі ақиқат екені даусыз.
· Үйіңізде баланың ақыл–ойын дамытатын энциклопедия, тілін дамытатын сөздіктер болсын.
· Керекті жерінде ол кітаптарды баламен пайдаланыңыз.
· Атақты адамдар, ақын – жазушылар жайлы қызықты оқиғаларды айтып әңгіме етіңіз.
· Балаңыздың туылған күніне кітап сыйлаңыз.
· Өзіңізге ұнаған нақыл, ақыл сөздерді қойын дәптеріңізге жазып, балаңызға көрсетіңіз.
· Кітапты баламен бірге оқып, пікіріңізді айтып, сырласыңыз.
· Белгілі бір оқыған кітап немесе кейіпкер жайлы баланың көзқарасы мен пікіріне құрметпен қараңыз.
· Балаңыздың тілінің, ойының сөйлеуінің дамуына, адамгершілік қасиетіне, адамдармен дұрыс қарым – қатынасына әсер етіңіз.
· Бала өзі оқыған кітабынан өзіне ұнаған нақыл сөз немесе цитаталарды қойын дәптеріне жазып алсын.
· Кітап сатып аларда баламен кеңесіңіз.
· Кітап оқиғасын бейнелейтін фильмдерді бірге көріп, талдап, кітаппен салыстыру қажет.
· Кітап, жазушы, ақын немесе кейіпкер жайлы пайда болған пікір сайыстың өзін баланың ой дамуына бағыттаңыз.
· Оқыған шығарманың негізгі идеясын түсінуге, тәрбиелік мәнінің негізі мен философиясын табуға жәрдем беріңіз.
· Оқу кезінде өзіне қатты ұнаған жерінің суретін салып, бірлесе әңгімелеуге, сипаттауға болады.
· Қызығушылығын арттыру мақсатында, ары қарай не болатынын болжап оқыту тиімді.
· Кейіпкер немесе автор орнында болса не істер еді, қалай жазар еді?
· Кейіпкердің жан дүниесін түсінуге талпыну.