Ата-аналар жиналысы өткізілді.
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде 22 мамыр күні 2020-2021 оқу жылын қорытындылау мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде: 1. 25 мамыр - Соңғы қоңырау мерекесін ұйымдастыру. 2. 2021-2022 оқу жылында оқушылардың мектеп формасы. 3. Оқушылардың жылдық қорытынды білім сапасы. 4. Жазғы мектеп және жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру. 5. Оқушылардың жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік мәселелері қаралды.