Тарих пәнінің мұғалімі Тулегенова Аида Досаналықызы Өлкетану сабағынан "Өлкенің географиялық орны, көлемі, елді мекендерінің маңызы" тақырыбына сабақ жоспары » Средняя школа им.Алтынсарина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-5-13-87
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-5-13-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тарих пәнінің мұғалімі Тулегенова Аида Досаналықызы Өлкетану сабағынан "Өлкенің географиялық орны, көлемі, елді мекендерінің маңызы" тақырыбына сабақ жоспары
18
январь
2018

Тарих пәнінің мұғалімі Тулегенова Аида Досаналықызы Өлкетану сабағынан "Өлкенің географиялық орны, көлемі, елді мекендерінің маңызы" тақырыбына сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкенің  географиялық орны, көлемі, елді               

                                          мекендердің маңызы.

Сабақтың мақсаты: Туып өскен жерінің орны,көлемі, елді мекендері туралы   

                                      білім алу. 

Күтілетін нәтиже:    Жуалы ауданы мен Қызыларық ауылының тарихымен  

                                   танысады.         

                                  Картадан   орналасқан  жерін анықтайды.

                                   Оқушы жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімін, өз

                                   Отанына  деген  перзенттік мақтаныш оятады.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:түсіндіру,  сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау.

Пәнаралық байланыс: география, археология.

Көрнекілік: Интерaктивтік тaқтa,тaныстырылым, үлестірме материалдар, көрнекіліктер, видео,стикер, маркер, смайликтер

Сабақтың жоспары    I. Ұйымдастыру кезеңі

                                      II. Үй тапсырмасын тексеру                          

                                      III. Жаңа сабақ

                                      IV.  Жаңа сабақты бекіту

                                      V.   Қорытындылау

                                      VI.  Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Геометриялық фигуралар арқылы топқа болу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақты пысықтау мақсатында үйге берілген тапсырма тексеріледі.

Өлкені сипаттап эссе жазып келген оқушылар өз жұмыстарын оқиды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

1)Слайд-шоу.

Оқушылaр интерактивті тақтадан таныстырылымды тамашалайды, өз пікірлерін білдіреді, ойларын айтады.

2)Суреттер сөйлейді. Слайдта суреттер көрсетіледі.

3) Топтық жұмыс. Берілген мәтіндер бойынша постер қорғайды, сурет салады.

 

1-ші топқа: Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі. Аудандағы халық саны –

51 978 адам.

Халықтың өзгеру динамикасы

Жыл

Жуалы ауданы

Б.Момышұлы

1999 жыл

50,4 мыңтұрғын

10,5 мың тұрғын

2000 жыл

49,1 мыңтұрғын

11,9 мың тұрғын

2001 жыл

49,6 мыңтұрғын

11,8 мың тұрғын

2002 жыл

49,6 мыңтұрғын

11,8 мың тұрғын

 

 Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Елді мекендері көбінесе темір жолдың бойында орналасқан. Ірі ауылдары: Бауыржан Момышұлы, Көлбастау, Қайрат, Бурнооктябрьское, Күреңбел, Шақпақ ата, Қарасаз. Аудан негізінен тәлімі және ішінара суғармалы егіншілікпен және ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 329,6 мың га, оның ішінде егістігі 90 мың га, шабындығы 7,5 мың га, жайылымы 112,0 мың га, орманы 20 мың га. Егістігінің ішінде дәнді және техникалық дақылдардың үлесі басым. Мемлекеттік бағыныстағы Октябрьское және Бурненский ауыл шаруашылық кәсіпорындары, Ақсай су шаруашылығы жүйелерінің басқармасы, Күркіреусу, Сұрым, Шақпақ т. ж. ст. жұмыс істейді. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы, Ташкент – Алматы, Бауыржан Момышұлы – Қошқар ата автомобиль жолдары өтеді.

 

2-ші топқа :   Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді.

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06 % шешендер, 1,04 % әзірбайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер.

Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан[Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауы қоршап жатыр.

Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді.

Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, БилікөлТеріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады.

Аудан аумағы 15 ауылдық округтерге бөлінген. Ауданда барлығы 52 елді- мекен бар. Олар:

Ақбастау • Ақтасты • Ақтөбе • Ақтоған • Алатау • Амансай • Әбдіқадыр • Бақалы • Бауыржан Момышұлы • Бәйтерек • Дарбаза • Диқан • Ертай • Жаңаталап • Жұрымбай • Жылыбұлақ •Кәріқорған • Көктас • Көктөбе •Көлбастау • Көлтоған • Күреңбел • Күркіреусу • Қайрат • Қарабастау • Қарасаз • Қарасу • Қаратас • Қоңыртөбе • Қосбастау • Қосбөлтек •Қосмұрат • Қошқарата • Құркүреусу 

• Қызтоған • Қызыларық • Майбұлақ • Нұрлыкент •Рысбек батыр ауылы •  Сұрым •  Талапты •  Тасбастау  • Тәттібай Дүйсебаев ауылы • Теріс • Теріс-Ащыбұлақ •Тесіктас • Түктібай 

 Шақпақ ата • Шақпақ • Шыңбұлақ • Ынтымақ

 

 

3-ші топқа: Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде орналасқан.

Тұрғыны 0,4 мың адам (2009).

Шолақ бұлақ - ауылдың күн батыс жағында терең сай бар, сол сайдың басында 2-3 жерден ботаның көзіндей мөлдіреп тұнық бастаулар жер астынан бұрқ-бұрқ етіп қайнап шығып жатады. Осынау бастаулардың суы сай табанымен төмен қарай құлдилай жүгіріп, бұлаққа айналады. Мұны таза бұлақ деп атаса да болар еді. Алайда жергілікті халық бас тауда, сонау алыстан емес, ауыл іргесінен басталатындықтан "Шолақ бұлақ" деп атапты. Бұлақ суы Қызыларық, Сұрым елді мекендерінің бау-бақшаларын нәрлендіріп, сол оңірге өмір сыйлап жатқан қасиетті су.

Аққорған - ауылдың оңтүстік жағындағы ескі ауылдың орны осылай аталады. Шын мәнінде бұл тарихи орынның бірі.

Өткен ғасырларда Ташкенттен шығысқа қарай Орта Азияға керуендер мен жүргіншілердің жүретін қосалқы жолының бірі осы жермен өтеді екен. Бұл жол Қаратау жотасынан асып барып, Әулиеата маңында "Жібек жолына" қосылған. "Аққорған" деген жерде жолаушылар тоқтап, көліктерін тынықтырып, өздері қонып, демалатын бекет болған көрінеді. Қауіпсіз болу үшін сол бекетті айналдыра ақ кірпіштен қорған салынған. Қорғанның орны мұндаға дейін сақталды. Кейін әскери ведомствоға қарайтын кеңшар осынау тарихи орынды тегістеп, егіс алқабына айнаалдырды.

Жалғыз тал - Аққорған маңындағы мекен. Бұл сол маңда өсіп тұрған діңінің жуандығына 5-6 адамның құшағы әрең жететін алып ағашқа байланысты аталған. Айдалада 2 ғасырдан астам өсіп тұр. 19 ғасырда Жанып деген елге белгілі кісі дүниеден қайтқанда жуындырған жеріне белгі ретінде қадаған бұтақтан өскен.

ІҮ. Сабақтың бекіту: Слайд арқылы суреттер мен кестелер көрсетіп сабақты  

                                        қорытындылау.Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы 

                                         бағалайды.

Ү. Қорытынды: «Кім жылдам?»  сұрақ- жауап ойыны арқылы сұрақтарға жауап  беру.

ҮІ. Үйге тапсырма: Қызыларық ауылының атауы туралы мәлімет іздестіру.

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив