№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Қамқоршылық кеңесінің» жиналысының №2 хаттамасы
№ 17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
Қамқоршылық кеңесінің жиналысының № 2 хаттамасы
18.01.2019 ж.
Өткізілген уақыты: 18.01.2019 жыл
Өткізілген орны: мәжіліс залы
Отырыстың басталуы: 15.30 сағ.
Отырыстың аяқталуы: 17.00 сағ.
Отырыстың төрайымы : Смаилова Г.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңестің мүшелері
Шақырылғандар: ДТІЖО – Күдериева Л.
Әлеуметтік педагог – Алтынбекова Ж.
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымының есебі
2. 2019 жылға жылдық жоспарын бекіту туралы
3. Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, кеңес төрайымы Смаилова Гүлмарат сөз алып 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде 2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кңесінің құрамында 9 адам жұмыс жасағандығы жөнінде, мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болғандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Мектепке жол» «Жүректен жүрекке»акциялар барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда өз көмектерін көрсеткендігі туралы тоқталып өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс –шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қамтамасыз етіп отырғандығы жөнінде айтты. Кеңес төрайымы кеңес мүшелеріне мектеппен ынтымақтастықта жұмыс жасап жатқандарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.
Екінші мәселе бойынша 2019 жылына мақсат міндеттерін қойып жылдық жоспарымен кеңес мүшелерін таныстырылып бектіуге ұсынылды. Кеңес мүшесі Ахметов Р. Мектеп алаңын көгалдандыру жұмыстарын атқаруға көмек көрсету туралы жылдық жоспарқа енгізуге ұсыныс айтты.
Үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Смаилова Гүлмарат 2017-2018 оқу жылында кеңес төрайымы болып жұмыс жасап келемін. Сондай-ақ осы мекемеде вахтершы болып қызмет атқарамын, осыған байланысты мені қамқоршылық кеңес төрайымынан босатуыларыңызды сұранамын деп өтініш тастады. Сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелері Сейсебаева Бубузайнап және Үсенбаев Даулет денсаулықтарына байланысты қамқоршылық кеңес мүшесінен шығаруды өтініп, өтініш бергендерін айтып өтті.
Кеңес мүшесі Исмаилова Жанат сөз алып, Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырылуын жақсы деп бағалаймын. Қазақстан Республикасының заңнамасына және ондағы ережелерге сәйкес Қамқоршылық кеңестің төрайымы Смаилова Гүлмараттың және кеңес мүшелерінің өтініштерін қанағаттандыру керек деп ойлаймын.
Шешім:
Қамқоршылық кеңесінің төрайымының есебі «қанағаттанарлық деп танылсын»
2019 жылына жасалған жылдық жоспары бекітілсін
Қамқоршылық кеңес төрайымы Г. Смаилова және кеңес мүшелері Б.Сейсебаева , Д.Үсенбаевтың өтініштері қанағаттандырылсын.
Өтініштері Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне жіберілсін.
Қамқоршылық кеңес төрайымдығы мен кеңес мүшісінен шығарылатындықтары туралы хабарлама жасалынсын.
Кеңес төрайымы: Г. Смаилова
Хатшы: Қ. Сабырова