№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Қамқоршылық кеңестің» отырысы » Средняя школа им.Алтынсарина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-5-13-87
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-5-13-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Қамқоршылық кеңестің» отырысы
16
март
2019

№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Қамқоршылық кеңестің» отырысы



№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау мақсатында өткен жиналыс отырысынан

Хаттама  №3

Күні: 16.03.2019 жыл

Сағат: 11.00


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер


  1. Қамқоршылық кеңестің жұмыс барысын, мақсат міндеттерімен таныстыру.
  2. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдындағы мектеп инспекторы Н.Мамедалиевтің есебі туралы.


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.Кенжебаев сөз алды. Ол өз сөзінде «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы 7 ақпандағы №72 бұйрығына сәйкес №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде  қамқоршылдық кеңестің жұмысын ұйымдастыру  және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары барын түсіндіріп, айтып өтті. Қамқоршылық   кеңес мүшелерінің  өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізінде жүзеге асырылады деді.

Екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Н. Мамедалиевке сөз берілді. Ол сөзінде кәмелетке толмағандармен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер жүргізу барысында  63 жасөспірім ұсталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБ тК 442 – бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып,, әрқайсысына ескерту жасалды.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге темекі бұйымдарын сату арқылы қоғамға қарсы іс-әркетке итермелейтін ересектерді анықтау барысында ҚР заңнамасының темекі өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК -нің 133 -бабы 1- бөлігімен, соттың шешімімен азаматша    И.Бектемисоваға 15 (АЕК) көлемінде 37875 теңге айыппұл салынды.

ҚР ӘҚБтҚ-нің 200 –бабының 3- бөлігі   Е.Г.Клепиковаға хаттама толтырылып, 70700 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Күндізгі рейдпен түнгі рейдтер жүргізу барысында сабақ өту кестесіне сай сабақта отыратын кездерінде дәлелсіз себептерімен сабақтан кетіп қалған оқушылар анықталған жоқ.

Шешім:

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмысы жүргізіліп, одан әрі жалғасын тауып жұмыс жасалынсын.
  2. Мектеп инспекторы Н.Мамедалиевтің есебі қанағаттанарлық деп танылсын.


    Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                           А.Тастандиева 

                      Хатшы:                          Қ.Сабырова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив