20
май
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Қазіргі ғылым мен техника жасампаздық танытқан ғасырда кітапқа деген сұраныс қаншалықты деңгейде?Абай айтқандай, артық ғылым, расымен де, кітапта. Оны ерінбей оқыған өзіне көмек етіп, өмірден орнын табуға рухани азық етеді. Кітап – адам тәрбиелейтін құрал. Кітаптағы артық ғылымды меңгерсек, әлемнің ең мықты адамы боларымыз анық. Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру мен жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 29 мамырында «Оқуға құштар мектеп» жобасының қорытынды есебі өтті.Мектебіміздің түлегі Нұрғазиев Жомарт Шымырұлы мектеп оқушыларына демеушілік жасап, 1-орынға 2 оқушыға 25000 теңге, 2-орынға 2 оқушыға 15000 теңге , 3-орынға 7 оқушыға 10000 мыңнан сертификат беріліп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, көпшіліктің алғысына бөленді. Бас жүлдеге 2004 жылғы түлектер демеушілік жасалып,10 кітап оқыған 5-сынып оқушысы Ақтай Нүркенге велосипед сыйлады. Сонымен қатар, «Адамның жақсысы- жомарт» дегендей,жомарт түлек Нұрғазиев Жомарт 21 оқушыға Шымкентке бір күнге демалып қайтуға жолдама беріп, оқушылардың шынайы ықыласына бөленді.Жомарт түлектеріміз көп болсын!