07
февраль
2020
"ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ"
№17 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының 7 ақпанында қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің аясында " ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ" атты әдеби-музыкалық сазды кеш өтті. Кеш барысында ұлы ақынның өнегелі өмірінен викториналық сұрақтар беріліп, рухани асыл мұралары насихатталды. Ақын өлеңдері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнеріне келтіре оқылып, әндері үш тілде айтылып, берері мен алары көп танымдық, тағылымы мол кеш өткізіліп, оқушылардың рухани жан дүниесінің дамуына ықпалын тигізді.