21
декабрь
2020
"Күн энергиясы мен атом" тақырыбындағы пікір-талас
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2020 жылғы 2 қарашасындағы № 03-6107 хатына сәйкес 2020-2021 жылдарға арналған атом энергетикасы саласында жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі іс - шаралар жоспары аясында Жуалы ауданы, № 17 Ы. Алтынсарин мектебінде мектеп көшбасшысы, физика пәні мұғалімі Тленшиева Эльвираның ұйымдастыруымен "Күн энергиясы мен атом" тақырыбындағы пікір-талас өтті. Пікір-таласқа атсалысқан 9- сынып оқушыларына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұбарақ Нұрбек, жаратылыстану пәні бірлестік жетекшісі Жүнісбекова Перизат және химия пәні мұғалімі Қоштаева Нұрбала төрешілік жасады.