16
октябрь
2019
"Жақсы" деген- немене? "Жаман" деген немене? атты әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 16 қазан күні 4- сынып оқушыларымен "Жақсы" деген- немене? "Жаман" деген немене? атты әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Қаракөз Жамалбекқызы ашық сабақ өтті. Оқушылардың дауыстап, мәнерлеп оқыту, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтату мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы тақырыпты аша білді. Сабақта Б.Соқбақбаевтың "Менің атым Қожа" фильмінен үзінді көрсетіп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды.