Мектебіміздің директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы 24 қазан күні қамқоршылық кеңес алдында есеп берді
№ 17 Ы. Алынсарин атындағы орта мектебінің Қамқоршылыық кеңесінің жиналысының № 1 хаттамасы
Қамқоршылық кеңес құрамы -9
Қатысқаны -7
Күні 24.10.2019 жыл
Сағат: 11.00
Күн тәрібінде қаралатын мәселелер:
- Қамқоршылық кеңес алдындағы № 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры З.И. Сегизбаеваның І жарты жылдық бойынша есеп беру баяндамасы
Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңес алдындағы № 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Сегизбаева Зауре Илиятқызы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында мектептің даму кезеңіне қысқаша тоқталып өтті.
Мектептің әкімшілік және педагогикалық кәсіби дамуына және 2019-2020 оқу жылындағы тамыз айындағы қозғалыс есебін жүргізу барысында мектепте оқушылар саны анықталды.
1-11 сыныптарда -219 оқушы
МАДТ топта -17 бала
Оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөлігі мен есебінен енгізілген пәндер мен курстар, мектеп компонентінен сағаттар және оқушы компонентінен берілген сағаттар туралы айтып өтті.
Мұғалімдердің апталық жүктемелері, сынып жетекшілер, әдістеме бірлестік жетекшілер, мектепішілік аттестациялық комиссия құрамы, педагогикалық қызметкерлердің жұмысын саралау бойынша эксперттік топтардың құрамы туралы таныстырып өтті. Сонымен қатар мектептің жоспарына сәйкес мектепішілік іс-шаралардың уақтылы өтіп жатқанына, «Мектепке жол» акция барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан,жетім, ата-аналарының қаморлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда мектеп ұстаздары мен мектеп әкімшілігінің көмек көрсеткендігі туралы айтып өтті. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге жаряланып жатқандығына тоқталып өтті.
Шешімі:
Қамқоршылық кеңес алдындағы № 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры З.И. Сегизбаеваның І жарты жылдық бойынша есеп беру баяндамасы «қанағаттанарлық» деп танылсын
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А.Тастандиева
Хатшы: Қ.Сабырова