№ 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің жиналысының № 1 хаттамасы » Средняя школа им.Алтынсарина
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-5-13-87
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-5-13-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің жиналысының № 1 хаттамасы
23
сентябрь
2020

№ 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің жиналысының № 1 хаттамасы

№ 17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2020-2021                                       оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің жиналысының 

№ 1 хаттамасы

Күні : 23.09.2020

Сағат : 1200

Қатысқандар –қамқоршылық кеңес мүшелері 

Күн тәртібінде

  1. Мектеп директоры  Сегизбаева Зауре Илиятқызының  есебі..  
  2. Әр түрлі мәселе  


Тыңдалды: 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры  Сегизбаева Зауре Илиятқызының есебі тыңдалды. Жалпы мектебімізде 217 оқушы білім алуда.   Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасындағы балаларды анықтап тізімдерін құру мақсатында комиссия мүшелері сынып жетекшілермен бірлесе отырып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын он бір     ( 11) отбасы, 29 – оқушы, қамқорлықтағы 1- отбасы, 4-оқушы, көп балалы 31 –отбасы, 88-оқушы, жатылай жетім 7-отбасы, 14 оқушы, жалғызбасты аналар үшеу (3), 4-оқушы, мүгедек оқушылар 7-оқушы, оның 3-оқушысы үйде оқытылады, 2-оқушы жеке қаралымда мектепте, сенімхатпен 5-оқушы оқиды. Осы оқушылардың үйлеріне барып, ата-аналарымен сөйлесіп қажеттіліктері анықталып отырады. 

Оқушыларды оқытуда біршама өзгерістер орын алғанын атап өтіп, жаңа 2020-2021 оқу жылының толық штаттық форматта оқытылғандығы туралы айтылып өтті. . 

Қазақсан Республикасы «Халықтың денсаулығы   сақтау және денсаулықты   жүйесі туралы»       104 кодексінің 3 бөлім , 2,3 және бөлімшесі ,7   бөлімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің  санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 20 наурызындағы № 239 бұйрығы, Қазақстан Респуликасы бас санитарлық дәрігерінің 28.08.2020 жылға №50 қаулысы негізінде және   Жамбыл облысында       облысында  корновирус инфекциясының шектеу шараларың  кезеңмен жеңілдеуіне байланысты,  интернет  желісі қол жетімсіз  180-нен   астам оқушы  бар ауыл мектептерінде, оқушы саны 15-ке дейін   штаттық режимде тамақсыз,екі ауысымда эпидемиологиялық жағдайда   Қазақстан Республикасының    31.08. 2020 жылғы   Қазақстан Республикасының    31.08. 2020 жылғы   № 34   қаулысы негізінде, мектеп толық штаттық режимде оқытылады.    

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 28 тамызындағы №372 бұйрығының 42-тармақ негізінде, карантин , әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша  сыныптарды топтарға бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен   жүргізілетіндігін айтып өтті.    

           Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің                                                                    2020 жылғы  «13» тамыздағы  № 345 бұйрығын негізге ала отырып, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке  санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, оқу процесі штаттық форматта оқытуды ұйымдастыруда кезінде :

1) сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, икемді сабақ кестесін құру;

2) әлеуметтік алшақтату үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

3) әрбір сынып белгілі бір кабинетте болатын кабинеттік жүйеден бас тарту;

4) білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салу;

5) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;

6) мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын өлшеу;

7) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

8) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;

9) желдету, кварцтау, т .б.

10) әрбір сабақтан кейін қолды арнайы құралмен жуу;

11) әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау;

12) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;

13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшкен жағдайда, сынып балаларының жай-күйін бақылауға, содан кейін сынып штаттық режимге оралған жағдайларда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдетіп тұру керектігі  айтылды. 


Шешім: Білім беру ұйымы басшысының атқарылған жұмыстар туралы берілген есебі қанағаттанарлық деп танылсын. 




Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:               А. Тастандиева 



Хатшы:                                                                Қ. Сабырова 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив