"Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану гигиенасы"
№17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде қаңтар айында "Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану гигиенасы" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.