Асхана жұмысын және ас мәзірінің сапасын қадағалау
2023 – 2024 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сыныптардың 67 білім алушысы, 5 -11 сыныптар арасында №64 қаулы бойынша 45 оқушы тегін бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылуда. Асхана жұмысын және ас мәзірінің сапасын қадағалау мақсатында брокераждың комиссия құрылып, жұмысын жүргізуде. Комиссия құрамында ата – аналар комитетінің төрайымы, қамқоршылық кеңес төрайымы, мектеп медбикесі бар. Асхана талапқа сай жабдықталған.