№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде бір мезгілде ыстық тамақпен 1-4- сыныптан 66 оқушы, 5-11- сыныптардан жекеленген санаттағы 47оқушы қамтылуда. 2023 жылдың 10 қараша күні бракераждық комиссия мүшелері асханаға, ас блогына бірнеше параметрлер бойынша тексеру жүргізді. Бір күндік ас мәзірінің берілуін, асхананың санитарлық жағдайы зерделенді. Қорытындысында оқушылардың бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылуы, асхананы талапқа сай "қанағаттанарлық" деп табылды.
N17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 1 қазан Қарттар күніне орай "Мектеп парламенті" мен Жас Ұландықтардың ұйымдастыруымен ауылымыздағы жалғыз басты Азипа апаның үйіне барып, көмек беріп, мерекесімен құттықтап қайтты.